Еңбек инспекциясы жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде құлап, бас сүйегі сынған мұғалім Қуат Айтқалиевке қатысты арнайы тексеру аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Комиссия бұл жазатайым оқиға жұмыс берушінің, яғни мектеп директорының тапсырмасы бойынша орындалғанын растады. Еңбек инспекциясының мәліметінше, заңнамаға сай мұғалімге келген зиянды мектеп басшысы өтеуге міндетті. Жұмысқа заңсыз тартылған мұғалім үйінде ем алып жатқанымен жалақысы толық төленуде. Егер ол медициналық қызметтерді ақылы негізде алса, емделу шығындары толығымен өтеледі.
Тоқтарбек Түсіпбаев, Абай облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің бөлім басшысы:
Жұмыс берушінің кінәсі 100% болды. Бұл жерде жұмыскердің, жаңағы Айтқалиевтің кінәсі жоқ.