Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының арыз-шағымы Президентке жетті. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай.
Еске сала кетейік, бүгін балалары әскерде жүріп қаза тапқан бір топ ана Астанада орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығына барып, арыз-шағымдарын білдірген болатын.