Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуге тиіс - Қайрат Жолдыбайұлы

14:00, 26 шілде 2024 1357

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Қостанай облысының бас имамының арақ ішіп көлік жүргізген тосын оқиға туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Alash.KZ.

"Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбемнен жай түскендей әсер қалдырды. Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді" дейді автор өз парақшасында.

Сондай-ақ Қ.Жолдыбайұлының айтуынша бұл әдейі ұйымдастырылған қастандық болуы мүмкін.

Бәлкім әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар. Қымызға яки басқа бір тағамға бір нәрсе араластырып әдейі ішкізіп, сосын арнайы тапсырыспен ұстатты ма екен? Егер имамның ары таза болса, адвокат жалдап, өзін қорғауы тиіс. Ал рас болса, онда бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуге тиіс. ҚМДБ түбегейлі рефермолануы шарт.

Автордың айтқан сөзінің уәжіне бақсақ, ҚМДБ түбегейлі реформалануы шарт. Өйткені, басқарма туралы қоғамда айтылатын сын, тосын оқиғалар бұрынғыдан көбейген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар