Танымал испаниялық футболшы, қазіргі таңда АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап жүрген Жорди Альба футболдағы мансабын аяқтайтынын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
«Барселона» мен Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы бұл шешімін өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Альбаның айтуынша, ол 2026 жылдың 1 қаңтарында, яғни АҚШ-тағы маусым аяқталған соң, кәсіби спорттан кетеді.
«Рақмет, футбол. Барлығы үшін алғыс білдіремін!» – деп жазды Жорди Альба.