Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Барлық адам қаза тапқан". Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (ВИДЕО)

13:55, 24 шілде 2025 1026
 

Бүгін Ресей Федерациясының Амур облысында бортында 43 жолаушы болған Ан-24 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен. Көп ұзамай оның апатқа ұшырағаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.KZ.

"Ангара" әуе компаниясына тиесілі, Хабаровск – Благовещенск – Тында бағытына қатынайтын жолаушылар ұшағымен Амур облысына келгенде, яғни Тында қаласының әуежайына бірнеше шақырым қалғанда байланыс үзілген. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 43 жолаушы (оның ішінде бес бала) және алты экипаж мүшесі болған. Ұшақты іздеуге барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылған. Ан-24 ауада қандай да бір қауіп туралы белгі бермеген", деп жазады ТАСС.

Ұшақ Тында әуежайына қону үшін екінші рет айналып келуге кеткенде радардан жоғалған. Іздеу жұмыстары барысында Ан-24-тің жанып жатқан қалдықтары аталған қаладан 16 шақырым қашықтықта таудың баурайынан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, борттағы барлық адам қаза тапқан.

"Алдын ала болжам бойынша, ауа-райының қолайсыздығына байланысты қонуға жақындағанда тау басындағы үшкір тасты іліп кеткен экипаждың қателігі туралы айтылады. Басқа нұсқалар да қарастырылып, тексерілуде", - дейді ТАСС дереккөзі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар