Алматы облысында 56 жастағы әйелдің өлімі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Мәйітті ауыл тұрғыны Жаңыл Омарова қараусыз қалған кірпіш зауытының жанынан кездейсоқ тапты. Айтуынша, бірінші әйелдің жерде жатқанын балалар көрген.
“Балалар жүгіріп келіп, "апай, мында келіңізші! Әйел қарда жатыр. Біз оны көтере алмаймыз" деді. Бәріміз жүгіріп келдік. Тез әрекетке көштік. Дене жылы болды. Оны тірі деп ойладық. Келінім бірден жедел жәрдем шақырды. Бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты”, – деді Жаңыл Омарова.
Марқұмның туыстары әйелдің қалай көз жұмғанын білмей отыр. Айтуынша, ол сол күні жиын тойға кетіп қалған.
“Кешкі сағат 5-те қонақтар кафеден шығып, үйге дейін дерлік жеткізген. Содан кейін оны ешкім көрмегені белгілі болды. Тек келесі күні балалар осы жерден 10 минуттық жерден қар үстінен тапты. Бұл жерге қалай барғаны түсініксіз. Барлығы жұмбақ”, – деді жиені Бақтияр Махсутов.
Жақын жерде ауыл тұрғындары әйелдің сөмкесі мен ұялы телефонын тапты. Полицейлер марқұмның денесінде зорлық-зомбылықпен өлімнің іздері табылмағанын хабарлады.
“Полиция қызметкерлері 56 жастағы әйелдің денесін табу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлімнің іздері табылған жоқ”, – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.