Жаңа пәтерге көшкен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әсерлі жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Балаларға тосынсый жасаған күн. Бұл күнді ұзақ күттік! Қанша жылдан бері пәтерден пәтерге көшіп, әбден әбігерге түссек те үмітімізді үзбедік. Сондай кезеңде бала болса да ересек те ерек болған төрт құбылам сабырлық танытып, жаныма жалау көңіліме демеу бола білді. Құлындарым, сенімдерің мен қолдауларыңа рақмет! Бәрі артта қалды. Шүкір!», - деп жазды актриса.