Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бақытжамал Оспанова, Қазақстандық кітапхана одағының төрайымы, мәдениет саласының үздігі: Ата-баба аманатын сақтайық!

14:52, 19 қазан 2022 186

Қазақстандықтар қасіретті қаңтардан кейін қабырғасына батқан бірқатар проблемаға жаңаша баға бере бастады. Оның үстіне әлемде болып жатқан мемлекет аралық қақтығыстар ешкімді бейжай қалдырмайды. Соғыс деген жауыздың ілмегіне ілінбей, аман қалауымыз керек.  Бүгінде барша қазақстандықтардың мақсаты – ата-баба аманаты: ұлттық асыл қасиеттерімізді, кең-байтақ жерімізді көздің қарашығындай сақтап, бірлігімізді нығайту. Сондықтан Жаңа Қазақстанды одан әрі нығайту үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек.


Бұл бағытта – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы бізге негіз. Атқарылып жатқан іс бойынша кешегі елордамызда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті не болмаса Діндер съезінің өтуін айтуға болады. Сол саммитте  ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – туындаған зор қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастардағы тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге тың серпін беру және ашық диалогқа оралу аса маңызды» деді.


Шынымен қазір тұрақтылыққа қол жеткізу мәселесін текке көтерілмеді. Сондықтан елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтай алсақ, әлеуметтік қиындықты да шеше аламыз. Бұл жайында Қазақстанға бейбітшілік елшісі ретінде келген Рим Папасы Франциск мынадай әдемі ой айтты: «Сіздерде «Береке басы – бірлікте» деген мәтел бар. Бұл барлық жерде, әсіресе осы жерде маңызды ұғым екені сөзсіз. Елде 150-ге жуық этникалық топ пен сексеннен астам тіл бар. Әртүрлі тарихы, мәдени және діни дәстүрлері бар бұл халықтар бірлесе, адам айтса нанғысыз ынтымақтастық орнатқан».


Мұндағы ынтамақтастық термині текке айтылмаған. Расымен елімізді біріктіріп отырған түйін де сол. Сол себепті бірлікте, татулықта болайық!


 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар