Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балақ кесіп, 5 түйір қауға сақалды қойып, “Қазақ ұлты бұрын болмаған” дейді - БИБІГҮЛ ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ

17:13, 05 наурыз 2025 1474

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы тикток желісіндегі уағыз айтатындарға шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау қаласында орналасқан «Дина» базарындағы сақалды саудагерлерді полиция қызметкерлері ұстауда. Бұл ақпарат бірер күн бұрын шыққан еді. Осы жаңалыққа байланысты журналист өзінің пікірін білдірді.

«Меніңше өте дұрыс жасауда. Біздің ел — Ислам елі емес! Зайырлы мемлекетпіз. Қазақсың ба? Қазақ түріңмен жүр! Балақ кесіп, 5 түйір қауға сақалды қойып, «Қазақ ұлты бұрын болмаған. Осы сахабиттер келіп көзін ашқан. Бұрын кір-қожалақ болып жүрген қазақтар дін келген соң Адамдық кейіпке келді» деп сандырақтап отырған ТикТоктағы уағызшыларды да жазалау керек!», — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар