Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балаң денсаулығын қойып тастайды, жігіттерді шақырамын" - Шерзат Болаттың әкесі қанды оқиға туралы айтты

16:34, 18 сәуір 2025 2118
 

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол күнгі оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ.

"Дархан келді. Екеуміздің арамызда ұрыс-керіс болған жоқ. 23:00-ден кейін сыра сұрады. Мен сатпайтынымды айттым, қоймаған соң саттым. Түсінпеушілік аударымнан болды. Ол "Қалтаевадан" түсті деді, мен "Светланадан" ақша түскенін айттым. Одан ішімдіктің исі шығып тұрды. Кейін марқұм ұлым кірді. Ол шетелге оқуға кетіп бара жатқан досын шығарып тастағысы келген. Дархан тағы бір кіріп телефонын қуаттағыштан алды. Сол кезде маған дөрекі сөйлеген болуы керек, оны ұлым естіген. Дархан шыққан соң, артынан еріп ол да шықты. Терезе ашық тұр еді. Екеуінің дауыс көтеріп сөйлескенін естідім. Шығып үлгергенше ұлым ұрып жіберген. Дархан ағамның досының танысы екен. Сол кезде "ауруханаға апарайын, еміңді берейін" дедім. Ол "кешірмеймін, балаң денсаулығын қойып тастайды, жігіттерді шақырамын" деді. Нұрқанатты шақырдым. Нұрқанат та Дарханға түсіндіріп айтты. Ол телефонмен біреулер шақырып жатты. Бәріміз кешірім сұрадық. Нұрбол келді. Біз Хуторский жігіттерміз, бізді білмейсіңдер ме?" деді", - дейді Шерзаттың әкесі. 

Оның айтуынша, жігіттер кетіп қалып, біраздан соң қайтып келген. Одан кейін жас бала келіп, Нұрболға болған оқиғаны түсіндіріп, тіпті "мына ағаның ісі дұрыс қой" деген. Одан кейін бірнеше көлік келген. Қаржаубай Нұрымов Дархан жігіттерге жалған ақпарат таратқан. 

"102-ге бір-екі рет хабарластым. Олар телефон алмады. Кейін 103-ке де хабарластым. Олар да алмады. Кейін Талғардың жедел жәрдем меңгерушісіне хабарластым. Ол да телефонын көтермеді. Кейін телефонды алғанда не айтып жатқанымды түсінбедім. Сөйтіп дүкенге кірдім. Артымнан үш жігіт кіріп, сыра аламыз деді. Мен дүкенді жабамын дедім. Терезеден соққыны естідім, төбелес басталып кетті. Мен пышақ алып шықтым, себебі Хуторский дегенде сескендік. Түсінбейді, төбелес тоқтамайды деп ойладық. Олар бәрібір ойлағанын істейді. Тіпті көршімізді де бірде пышақтап кеткен. Бәрі шықты. Дүкеннен шыққанда Азамат есікті тепті, мен ішке қарай құладым", - деді ол. 

Кейін Қаржаубай Нұрымов күдіктілердің атын атады. Олар орнынан тұрды. 

Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, сол кезде соққы алып, тіпті пышақ жарақатын алған. Ол құлап кетіп, көзін ашқанда төбелес арасында анасын, әйелін көрген. 

"Нұрқанат пен Шерзаттың анасы Шерзатқа қарай жүгірді. Арықта су болған анам соған тұншығып қалмасын деп мен соған жүгірдім. Шығарып болғанша жағдайлар болды. Бәрін ажыратып жүрдім", - дейді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар