Өзбекстанда анасы баласына ескерту жасаған мұғалімді тура сабақ кезінде жағасынан алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға Сырдария ауданының №1 мектебінде болған.
«Барлық шу мұғалімнің оқушылардың біріне ескерту жасауынан басталды. Бала бірден анасына шағымданып, ол еш ойланбастан сыныпқа баса-көктеп кіріп, педагогқа “әдеп сабағын” өткізуге шешім қабылдаған. Ашулы әйел айқай-шу шығарып, мұғалімнің басынан ұра бастайды. Мұның бәрі абдырап қалған оқушылардың көз алдында болды», – деп жазады дереккөз.
Мектеп әкімшілігі де мұндай ерекше «кері байланыс әдісіне» таң қалғандай көрінді. Олар дереу дабыл түймесін басып, төрт минуттың ішінде жедел әрекет ету тобы келіп, жанжал шығарған ананы құқық қорғау органдарына алып кетті.
«Ашынған ана мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жіберілді. Сарапшылар оқиға кезінде оның өз әрекеттерін түсінбегенін, өйткені оның жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар екенін анықтады», – делінген ақпаратта.