Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балаларыңыздың болашағын жеп жатырсыздар": Наркенже Серікбаева өзін сынағандарды "мысыққа" теңеді (ФОТО)

19:40, 30 шілде 2025 1887

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынап жүрген жандарға арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

"Етке қолы жетпеген мысық: "Фуу, мына еттің сасығын-ай", – деген. Менің парақшамда өтірік парақша ашып отыратын мысықтар көп екен. Жақсы жандарға Алла разы болсын! Мысықтарым да аман болсын! Бірақ білесіздер ме? Қызғаныштан мысық өз баласын өзі жеп қояды. Сіздер мені әңгіме қылып, өз балаларыңыздың болашағын жеп жатырсыздар", – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар