Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаларды мектепке дайындау басты назарда

03:14, 29 шілде 2022 267
Жыл сайын жаңа оқу жылында балалардың мектеп табалдырығын уайымсыз аттауы үшін елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп, тұрмысы төмен отбасы балаларына мемлекет тарапынан тегін киім кешек, оқу құралдары да беріледі.

Биыл «Мектепке жол» бағдарламасы аясында бір балаға 25 мың теңге көлемінде көмек беру қарастырылыпты. Оның 18 мың теңгесіне мектеп формасына, ал 7 мың теңгесіне кеңсе тауарларын алу жоспарланған көрінеді. Осы орайда биылғы оқу жылында Іле ауданы бойынша жаңа оқу жылына дайындық жасауы үшін 6 мыңнан астам балаға 153 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген көрінеді.

Атап өтер жайт, еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы отбасыларды қолдауда аталмыш шараның маңызы зор болып отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар