Әнші Жазира Байырбекова тағы да ана атанғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол "Мамский әңгіме"бағдарламасына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Баянның оқиғасынан кейін көп әйел жан-жаққа хабарласып, сұрастырып, балалы болсам деп мамандар іздестірген екен. Тіпті мен де сұрастырдым. Тағы да балалы болсақ қалай болады дедім. Сөйтсем, мамандар болады деді. Бірақ ары ойладым, бері ойладым: қазір жасымыз 46-да, баламыз тұрмысқа шығатын болса тіпті 70-ке келеді екенбіз. Сонда бізді ата-әже дей ме, папа-мама дей ме деп ойладым. Өзімізді ғана ойлай бермей, баланың да жағдайын ойлау керек шығар деп, тоқтадым" деп жауап берді ол журналист Айнұр Ілиясоваға.