Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бағдаршамның сары түсі жанғанда жүргендерге айыппұл салынады

14:57, 12 наурыз 2024 517

Астана полиция департаменті Сергек камералары арқылы бағдаршамның сары белгісінде жүрген көліктерді анықтап,айыппұл салмақ.

Әзірге бұл жоба Астана мен Алматыда жүзеге асырылады.

"Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады", – деді Астана полиция департаменті Евразия арнасына берген пікірінде. 

Ал,сәуір-мамыр айларында шымкенттік жүргізушілерге де осы үшін айыппұл салынады.

Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады, ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.

"Жасыл белгі қозғалысты білдіреді, ал сары белгіде жүргізуші қозғалысты аяқтап, тоқтайды, бұл ереже көптен бері күшінде. Ал бұл үшін айыппұлдың енгізілуі жолда жүру мәдениетіне оң әсер етеді деп ойлаймын", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар