АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қабылдады. Кездесуде бейбіт келісім жайлы декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды Alash.kz.
"Біз, ақырынында, көптен күткен бейбітшілікке жеттік", — деді Трамп.
АҚШ президентінің айтуына қарағанда, Армения мен Әзербайжан барлық әскери қақтығыстарды енді қайта болмастай етіп тоқтатты, сауда байланысын жаңғыртты. Алда дипломатиялық қатынастарды дамытпақ. Сондай-ақ бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге міндеттенді.
Бір айта кетерлігі, кездесу үстінде ұзақ жылғы даудың түйіні тарқатылды. Зангезур дәлізі төңірегіндегі талас-тартысқа тоқтам қойылды.
АҚШ Зангезур дәлізін "халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге арналған Трамп бағыты" деп атап, қысқаша TRIPP деп атады. Ақ үйде өткен келісімге қол қою рәсімі "TRIPP бейбітшілік саммиті" деген атауға ие болды.
"Мен арнайы өтініш жасамадым, бірақ дәлізге менің атымды — мен үшін үлкен құрмет", — деді Трамп.