Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы Бейжіңде өткен Азия чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
Финалда жапон командасымен өткен тартысты кездесуде біздің хоккейшілер 4:3 есебімен басым түсіп, құрлық чемпионы атанды.
Турнир барысында қазақстандық спортшылар жоғары дайындық пен тұрақты ойын үлгісін көрсетті. Алғашқы матчта олар Оңтүстік Корея құрамасын 4:2 есебімен ұтып, өз әлеуетін байқатты. Артынша алаң қожайындары Қытай командасын 5:1 нәтижесімен ойсырата жеңіп, финалға сенімді түрде өтті.