Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айгүл Орынбек Тоқаевқа: Әкімнің ағасы Марат Айтеновтың үш баласын қуып шыққаны үшін бүкіл мүлкін тексеру керек (ВИДЕО)

13:32, 13 шілде 2024 859
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әйелімен қоса үш баласын далаға қуып жіберген Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасы туралы жайтқа өз ойын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Зәбір көрген Дана Әтешованың өзі инстаграм парақшасына видео жүктеді. Видеодағы ақпаратқа зер салар болсақ, үлкен қызының мұрнынан қан ағып, оны полиция қызметкері күштеп көтеріп келе жатқаны анық байқалады. Қыздың "мы же дети" деп жатқаны да естілді. 

Заңгер Айгүл Орынбек президентке Марат Әйтеновтың әрекетін жіті тексеру керек екенін баса айтты. 

Дана Әтешова бұл адамның Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов екенін видеода баяндады. 

Дана Әтешова бұрынғы жұбайын ата-ана құқығынан айыруға ниетті екенін айтты.

"Ең өкініштісі, ол полицияның алдында зорлық-зомбылық жасады. Олардың мені қорғамағаны қатты ренжітті! Мен Әйтеновті ата-ана құқынан айыру туралы өтініш жасағым келеді, - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар