2024 жылғы 24 қаңтарда ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған.
"Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды", - делінген хабарламада.


Алдын ала деректер бойынша, табылған қару "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

