Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аузыңа май!: 2025- Қазақстан үшін қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жыл болады - МАМАН

11:50, 31 желтоқсан 2024 838

2025 жыл – Қазақстан үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай жыл болады». Астрологтар келер жылға осындай болжам жасап отыр.

Жылан жылы қарапайымдық пен сабырлықты жақсы көреді дейді олар, деп хабарлайды КТК арнасы. 

"Жылан жылы ақыл-парасаттың, сақтықтың және терең ойдың символы. Жалпы, Жылан әдептілікті, қарапайымдылықты, сабырлықты жақсы көреді. Ал жаңа жыл дастарқанына 12 түрлі ас мәзірін қойсаңыз болады. Жылан негізінен ағарған өнімдерді жақсы көреді. Сондықтан сүттен жасалған тағамды көбірек қойған жөн. Жаңа жыл түні қызыл, көк, жалпы қанық түсті киім киюдің қажеті жоқ", - дейді эзотерик, астролог Аделина Панина.

Арна тілшілерінің ақпаратынша, оның орнына жасыл, қоңыр, ашық түсті киім киген дұрыс екен. Сондай-ақ мамандар дастарханға неғұрлым көкөністі көп қойсаңыз, соғұрлым молшылық болады деп сендіреді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар