Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауын ашты: Данияр есімді такси жүргізушісі айуандық жасағысы келген (ФОТО)

18:31, 09 желтоқсан 2024 1781

Қарағанды мен Астана арасында жолаушы тасымалдайтын бейтаныс жүргізуші қыз балаларға тиісу үшін қулыққа барған, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап. 

Желідегі жарияланған видеода екі қыз Данияр есімді сұр «Camry» көлігінің жүргізушісінің әбес қылығын жайып салған.

Жолаушылардың сөзінше, жүргізуші қызға көліктің алдынғы орындығына жайғасуды сұрайды, себебі артқы салонға бір отбасының адамдары мінеді дейді.

Кейін отбасы сапарға шықпайтынын айтып, қызға жалғыз жол жүруді ұсынады.

Жүргізуші жолда кетіп бара жатып, жолаушының орындығының астындағы «датчиктің» қосылып кеткенін айтып, оған «ауын ашып» сөндіруді сұрайды.

Қыздардың айтуынша, бұл көлік моделінде «датчик» мүлде жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар