Қостанай облысында такси қызметі ретінде жасырынып, интимдік қызмет көрсетумен және жеңгетайлықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Alash.kz. Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен, ауылдық жерден келген жас қыздарды алдап, қорқытып немесе бопсалау арқылы жезөкшелікке тартқан. Кейбірін күштеп ұстап, жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстаған.
“Қыздарды қаладағы 12 саунаға жеткізіп отырған. Мекемелердің әкімшілері мен ақылы интимдік қызмет көрсеткен адамдар да анықталды”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаменті.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Бірқатар күдіктілер ұсталып, қалғандарына қатысты процессуалдық шаралар жүргізілуде.