Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әуезов" маусым жабарда не қояды?

12:40, 16 маусым 2022 150
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында  96-шы  театр маусымының жабылуына байланысты 16, 18 маусым   «Сүйікті менің періштем» комедиясы  және 17, 19 маусым «Менің Мұстафам!..»  моноспектаклінің премьерасы өтеді.  



Осыған орай,  Кіші залда «Әлем таныған тұлға» атты көрме өтеді. Мәдени шарада көрнекті қоғам қайраткері М.Шоқайдың еш жерде жарияланбаған суреттері, сонымен қатар өзі пайдаланған баспа машинасы құнды жәдігер ретінде көрсетіледі.

«Сүйікті менің періштем» комедиясы. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Атақты драматург Б. Шоудың «Пигмалион» пьесасының желісімен қойылған «Менің сүйікті періштем» спектаклі жаны жоқ батпақтан жасалған мүсін нағыз суретшінің қолында биік өнер туындысына айналатыны жөнінде. Нағыз өнердің құдіретінде шек жоқ. Өнер ғана адамның рухани жанын оятып, әдемілікпен байытады. Спектакль ең кедей, білімі жоқ, қараңғы адам да талмай еңбек етсе, зиялы адамдардың қатарына ене алады деген идеяны құптайды. Кедей адам мен бай адамдардың арасындағы теңсіздікті жою жөнінде ой тастайды. Осы тұрғыдан алғанда, сауатсыз, гүл сатушы Элизаның білімді ледиге айналуы – қоғамда міндетті түрде орын алатын құбылыс.

«Менің Мұстафам!..» драма-диалогы. Режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов. Түбі бір түркінің тұтастығы жолында саналы ғұмырын сарп етіп,  Алаштың азаттығын ту етіп, Түркістаным деп күрескен мемлекетшіл тұлға -  Мұстафа Шоқайдың  тар жол, тайғақ кешу қасіретті тағдыры,  мұң-шері спектакльде сүйікті жары Марияның естелігі арқылы бейнеленеді.

Мария Яковлевна  танымал әнші бола тұра, бар өмірін  ерінің күрескерлік тағдырына арнаған, соңғы демі үзілгенше  «Менің Мұстафам» деп  рухын ардақтап өткен аяулы тұлға.

 

           
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар