Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әуежайда шу шығарып, полицияға соқтығып, балағаттаған". Астанада ұшаққа кешігіп келген ер адам күтпеген жерден сотталып кетті

10:28, 12 шілде 2025 396

Ұшаққа кешігіп келген Алматы тұрғыны елорда әуежайында агрессивті мінез көрсетіп, полиция қызметкерлерінің талабына бағынудан бас тартқан. Іс насырға шауып, дойырқанған ер адам сотталып кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сәйкес, тергеу барысында ер адамның полицейлерге балағат сөз айтып, ашық қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде бағаланған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығынан шектеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар