Атырау облысына қарасты Еркінқала ауылындағы оқушы қыз қиянатқа ұшырады. 43 жастағы ер адам өзінің 12 жастағы өгей қызын 2018 жылдан бері азғындық әрекеттермен азаптап келгеніне қатысы күдік бар. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы.
Қыз зорлық-зомбылық әрекетінің анасы перзентханаға кеткен уақытта басталғанын мәлімдеді. Анасы үйде болмаған күндері күдікті қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп, баланы үнсіз қалуға мәжбүрлеген.
«Ешкім сенбейді, айтсаң анаң сені қуып жібереді» деген сөздер қызды ұзақ уақыт бойы үрейде ұстаған. Тек 17 жасқа толғанда ол басынан өткен ауыр жайтты туысының біріне айтып, шындықты ашуға батылы барған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр
Атырау облыстық полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, қылмыстық кодекстің 124-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер») бойынша іс қозғалған.
«Атырау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған азғын әрекеттер туралы шағым түсірді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», – деді полиция департаменті өкілдері.