Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әттеген-ай" да бар": Қызметтен кеткен Өскемен әкімі енді немен айналысады? (Видео)

16:54, 28 қараша 2024 365

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қызметтен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында жариялаған болатын.

Жақсылық Омар Өскемен қаласын 6 жылдан астам уақыт басқарды. 

bizdin_oskemen парақшасында экс әкім қызметтен кеткенімен Өскеменнен кетпейтінін айтыпты. 

"Көп балалы әкемін. Қыстың көзі қыруада қайда көшем? Бір қызым 11 сыныпты бітіреді, ҰБТ-ға дайындалуы керек. Сондықтан ешқайда көшпеймін" дейді экс әкім.

Қаланы алты жыл басқарған әкім бітіре алмаған шаруаларыңыз бар ма деген сұраққа бүй депті:

"Бір жағынан көп шаруа тындырдым, көп жоба жасадым. Соған іштей қанағаттанамын. Бірақ "әттеген-ай" да бар. Виноград көшесі мен сол жағалауды жағалайтын көпір салуға үлгермей қалдық. Екіншісі, оқушылардың шығармашылық сарайын салмақшы едік, оған да үлгермедік. Үшіншісі, көпсалалы "Өскемен Арена" салмақшы болғанбыз. Жер телімі, жобасы да дайын еді. Төртіншісі, Өскемендегі үлкен проблеманың бірі қоқыс жинайтын полигон, соны да салуға үлгермей қалдым" дейді Жақсылық Омар.    

Жақсылық Омар 2009-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, мәдениет басқармасының басшысы болған.

Ал 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан бері Өскемен қаласының әкімі болды.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар