Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраулықтар тасқын судан қорғануда, әкімнің орынбасары көлік салонда жүр

21:22, 08 сәуір 2024 549

Бүгін Рустем Баязиев атты Атырау қаласының блогері өзінің жеке парақшасында «Қала суға кетейін деп жатыр, әкімнің орынбасары көлік таңдап жүр» деп видео таратты.

Видеода блогердің айтуынша, әкімшіліктің жұмысшысы  Атырау «Toyotа» Орталығында жүргенін көре аламыз. Блогер көлік салонының алдында автотұрақта тұрған қара түсті машинаға келіп, мынау әкімшіліктің көлігі, ішкі саясаттың қызметтік машинасы деп таныстырады. Артынша ішке кіреді. Сөйтсе, әкімнің орынбасары екен автосалонда аралап жүрген. "Атырау қауіптің алдында тұр. Сіз мұнда көлік алғалы жүрсіз бе?" дейді блогер. Әкімнің орынбасары жалтаруға сөз таба алмай, салоннан шығып, машинасына мініп кетіп қалады.

Ал Атырау әкімшілігің ресми парақшасында:

Бейнежазбадағы Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері әкімдік балансындағы «Toyota» маркалы көліктерін жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, тапсырыс беруге барған - деп жазылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?