Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы су тасқыны қарқынды. Сарайшықты су шайып кетуі мүмкін

12:49, 15 мамыр 2024 1100

Атырау облысындағы қазақ тарихы үшін аса маңызды мекен, ашық аспан астындағы Сарайшық қалашығына тасқын судан қауіп төнді,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Астана" телеарнасына сілтеме көрсете отырып.

Қазба орны қасында орналасқан бөгеттен су кеткені хабарланды. Мамандар тасқын суды дер шағында ауыздықтап үлгерген. Десе де, тарихи аймаққа төнген қауіп әлі сейілген жоқ. 

Орта ғасырлық Сарайшықты сақтау бағытында 1 км 500 метрге үлкен бетон құйылған болатын. Бетонның биіктігі 3 метр 60 см, оған қосымша жаяу жолы салынған болатын. ол Шамамен 1 жарым метрдей. Сонда 5 метрдей биіктік болатын. Сарайшық ескерткішіне дейін. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай су бүгін бетонды да басты, жаяу жүргіншілердің жолын да басты, - деді қорық директоры Әбілсейіт Мұхтар. 

Республикалық қорғауға алынған «Хан ордалы - Сарайшық» музей-қорығының жалпы аумағы- 99 гектар. Оның 1 шақырымдай жері Жайық өзеніне тиіп тұр. Қайта жаңарту кезінде қорғандар салу жоспарланған. Одан бұрын жағалауды бекіту керек болады,- дейді ғалым. Қазір орта ғасырлық ескерткіш орналасқан 3 мыңға тарта тұрғыны бар Сарайшық ауылын да су қоршап тұр.

Телеарнаның хабарлауынша, Махамбет ауданында өзен деңгейі қазір 981 см көрсетті. Сонымен қатап, шектік деңгейден 130 см артық екені мәлімделді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар