23 желтоқсанда құқық қорғаушы әрі азаматтық белсенді Ринат Рафхаттың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алғашында оның балық аулауға кетіп, оралмағаны хабарланған болатын, деп жазады Alash.KZ.
Кейін журналист Ораз Әлімбек марқұмның денесі сарайда асулы күйде табылғанын жазды. Дереккөздердің мәліметінше, қайғылы оқиға 22-інен 23-іне қараған түні болған. Ринат Рафхат сол күні ауылдастарымен бірге Қиғаш өзенінде демалғаны да расталды.
Алматыдағы дереккөздер соңғы уақытта Ринат Рафхат пен қоғам белсендісі Абзал Достияровтың жақын араласқанын айтады. Бұрын екеуі де оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды қолдағанымен, кейін ара-қатынастары суыған. Жұмыссыз қалған Ринат ауылына оралып, құқық қорғау қызметін Абзал Достияровпен бірге жалғастыруды жоспарлағаны айтылды.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, Ринат Рафхат Алматыға баруды ойлаған. Алайда Абзал Достияров қауесет таратпауға шақырып, марқұмның жақын күндері Алматыға бару жоспары болмағанын жазды.
Ринат Рафхат Қазақстанда адам құқығы, әділ сот және заң үстемдігі мәселелерін ашық көтеріп жүрген белсенді ретінде танылған. Ол резонансты сот істеріне қатысып, қоғамдағы әділетсіздіктерді үнемі сынға алып отырған.
"Асылып қалған" - құқық қорғаушы Ринат Рафхаттың неден көз жұмғаны айтылды
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026
«Алғашқы алтын!»: Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды (ФОТО)
11:57, 03 қараша 2026
«Бұрын... Барлық өзгеріске дайынмын!»: Дариға Бадықова ел күтпеген мәлімдеме жасады
10:18, 03 қараша 2026