Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін, 29 наурызда Астанада жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел кейде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз.
Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.