Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанаға ауылдан келген әжей бриллиант ұрлап масқара болды

16:56, 05 қазан 2024 947

Астанаға ауылдан қыдырып келген зейнеткер дүкенге ұрлыққа түсіп, масқара болды. 63 жастағы әйел адам Астанадағы дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзікті  ұрлап кеткен, деп хабарлайды Alash.KZ.

Қалалық полиция департаменті ұрлықтың видеосын жариялап, дүкен иелеріне камера орнату керегін ескертіп отыр.

«Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің иесі бутигінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын гауһар тасты алтын жүзік жоғалғаны туралы арыз жазды. Дүкендегі бейнетаспаны қараған Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бриллиант жүзікті Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны ұрлап әкеткен», — деп хабарлайды полиция департаменті.

Тергеу барысында 63 жастағы әйел адам өзіне алтын жүзік іздеп жүріп, осы дүкенге кірген. Сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, қолына тағып көрген жүзікті қалтасына басқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар