9 сәуір күні таңертең Астанада алты қабатты отбасылық жатақхана өртенді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өрт елорданың Сарыарқа ауданындағы Буланты көшесінде орналасқан ғимаратта болған.
Алтыншы мансард қабатындағы бөлмелер жанып кеткен.
Жалын 1 600 шаршы метр аумаққа таралған. Құтқарушылар ғимараттан 50 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.
Жатақханада 200-ден астам бөлме бар, тұрғындарды уақытша мектептің спорт залына орналастырды.
Алайда олардың кейін қайда баратыны әзірге белгісіз.
Өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.