Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада ер адам автобуста бойжеткенге тиіскен

12:30, 27 сәуір 2025 357

Астанада ер адам автобуста қызға байқатпай тиісуге тырысқан, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Астанадағы автобустардың бірінде қызық оқиға камераға түсіп қалды. Instagram-дағы astana01.kzz паблигінде жарияланған видеода бейтаныс жігіттің жанында тұрған қыздың бөксесіне өзінің нәпсіқұмар сұқ саусағын үнемі жақындатып отырғаны көрінеді. Қыз қара түсті кең, денеге жабыспайтын джинсы шалбар мен ақ кофта киген. Бұл тыйым салынған әрекетті басқа бір қыз – автобуста отырған жолаушы видеоға түсіріп алған. Ол біраз уақыт үнсіз түсірген соң, жігіттің қызға қолын барған сайын белсендірек созып жатқанын көріп, араласып кетті.

“Не істеп жатырсың?” – деп дауыстап сұрады ол.

Жігіт бірден қолын тартып алды, ал оған тиісуге тырысқан қыз да артына бұрылды: оның әрекетті сезбегені байқалды.

Пабликте сондай-ақ Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға пікір білдіріп, жігіттің тұлғасын анықтап, осы видео дерегі бойынша тексеру жүргізетінін хабарлағаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар