Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада бейтаныс еркек әйел адамды үйіне дейін аңдып, зорлық кейпіндегі қысым көрсеткен (ВИДЕО)

15:03, 25 маусым 2024 713

Астана қаласында ер адам бейтаныс әйелді үйіне дейін аңдып барған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Astana_brothers" инстаграм парақшасында жарияланған видеодағы ақпаратқа сүйенер болсақ, ер адам бейтаныс әйелмен бірге бір автобусқа мінген. Автобус камерасында ер адамның нақты сұлбасы көрінген. Кейін әйелдің тұрғын үйіне дейін барғаны белгілі болды.

Үйге кіре алмаған соң, бейтаныс әйелдің сыртқа шыққан уақытын күткен. Кейін оған тап берген. Зардап шеккен жанның жұбайы істі бей-жай қалдырмай, камералардың барлығын тексеріп, полиция қызметкерлеріне арызданғанын айтты.

“Жолдасым жұмыстан қайтып келе жатып, артынан ер адам еріп жүрген. Әйелім бірден полиция шақырып, арыз жазған, бірақ арыз қабылданбады. Тек мен өзім оны камералар арқылы тауып, барлық мәліметтерді біліп, қайтадан арыз бергенімде ғана қабылдады.

Бірақ бұл жағдайдан бері бір айдан астам уақыт өтті, нәтижесінде ешқандай сот та, шешім де жоқ, ешкім қоңырау шалған жоқ”,- деді жұбайы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар