Астана қаласында алапат өрт болды. Нақтырақ айтқанда, көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртке оранды, деп хабарлайды Alash.kz.
Төтенше жағдай Қошқарбаев даңғылындағы тұрғын үйде болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт көрші пәтерлерге кетпеген. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.