Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада 200-ден аса жетім баланың үй кезегінсіз қалғаны анықталды

10:55, 14 тамыз 2024 340

Астанада 200-ден аса жетім баланың үй кезегінсіз қалғаны анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Сорақы жайтты Астана прокуратурасы анықтаған. Ведомство жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Уәкілетті орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар