Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.
Асқарбек Ертаев еңбек жолын 1997 жылы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастап, кейін 14 жыл бойы банк саласында қызмет етті. 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметке қайта оралып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
Соңғы жылдары ол Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратында жауапты секторларды басқарды. Министр болып тағайындалғанға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Көші-қон комитетінің төрағасы және вице-министр қызметтерін атқарып келген.