Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аспандағы айды сұраған жоқпын!». Мәһрге 20 мың доллар сұраған қалыңдықты көрген имам "жағасын ұстады"

09:55, 20 шілде 2024 1645

Әлеуметтік желіде қалыңдықтың мешіт ішінде жолдасынан үлкен көлемде мәһр сұрап отырған видеосы тарады. Қалыңдықтың «20 мың доллар көлеміндегі акция сұраймын» деген сөзі имамның таңданысын тудырып, қызу талқыға түскен, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

SMARTNEWS.KZ порталының жазуынша, Қалыңдық имамның «мәһр ретінде қандай неке сыйлығын сұрайсыз?» деген сұрағына «20 мың доллар көлеміндегі акция сұраймын» деп жауап береді.

Имам «20 мың доллар, мәссаған!» дейді таңданысын жасыра алмай. Содан кейін имам 20 мың долларды теңгеге шақса, неше теңге болатынын, күйеу жігіттен оны беруге келгендегі шама-шарқын нақтыламақ болады.

Күйеу жігіт бұл соманы бере алуы мүмкін екенін айтады. 20 мың доллар теңгеге шаққанда 9,4 млн теңге болған.

Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырды. Кейбіреуі 20 мың доллар қазір түк емес екенін жазса, кейбірі қалыңдықтың асыра сілтегені үшін сөгіп жатыр:

«20 мың доллар дегені түк емес деп ойлаймын. Доллар дегенді естіп, шошып отырған болар. Ол қаржыға жақсы көлік немесе жер келе ме? Жігіт неге жылайын деп отыр? Күйеуі қиналып тұр ма? Бақыт ақшада емес. Жігіттің миы қорытпай қалған сияқты», - деп жазған олар.

Қалыңдық оларға жауап ретінде «аспандағы айды сұрап отырған жоқпын» деп жауап береді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар