Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әскери-саяси ахуал күрт күрделенді”. ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне барғысы келетіндерге шұғыл үндеу жариялады

10:00, 24 маусым 2025 558

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарларды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады.

Қазір жағдай мен ықтимал тәуекелдерге жан-жақты баға берілуде, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстердің тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне алып келді, – делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

  • сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
  • адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;
  • қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау
  • брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;
  • төменде көрсетілген жедел байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.

1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі:
+97450649955
+97470910579
kazconsul.doha@gmail.com
doha@mfa.kz

2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.):
+97124498778
+971503629805
abudhabi@mfa.kz

3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:
+971556103341
+971505701978
dubai@mfa.kz

4. ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00

Таяу Шығыс елдеріндегі ҚР Сыртқы істер министрлігінің барлық дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдайдың дамуын үнемі бақылауда ұстап, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті тәулік бойы көрсетуді жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар