Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскерге барып, комадан бір-ақ шыққан сарбаз ісіне сот сарапшысы Тахир Халимназаров қатысады

18:28, 26 тамыз 2024 827

Отарда комадан оянған 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат тамызда үйіне оралды. Сарбаздың ісі бойынша сот отырысы өтеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Azattyq Rýhy сайтының мәлімдеуінше, Нұржігіттің әкесі Тимур Жаналин БАҚ-қа алдағы сот процесі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, сотқа Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Салтанат Нүкенованың жарақат алу себептері туралы қорытынды жасаған белгілі сот сарапшысы Тахир Халимназаров қатысады. Тимур Жаналин атап өткендей, Тахир Халимназаров Нұржігітпен болған жағдайға бей-жай қарамады және бұл іске қатысуға келісті. Енді жәбірленуші тарап медициналық сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр.

Бұл ақпаратты сот-сарапшысы Тахир Халимназаровтың өзінен сұрап, растадық.

«Ол іске сарапшы ретінде қатысып жатырмын. Ол жерде комиссиялық сот-сараптамасы жүргізіліп жатыр. Олардың қатарына мен де сот медициналық сарапшысы ретінде қосылдым. Туысқандары адвокат арқылы тергеушінің атына өтініш жазып, мені қосуды талап еткеннен кейін, қаулы шығарып мені қосты. Тараз сот сараптама орталығының сарапшыларымен бірге қосылып жасап жатырмыз, сараптама әлі аяқталған жоқ», - дейді Тахир Халимназаров.

Еске салсақ, Жамбыл облысында әскерде жүргенде комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның анасы Жанна Жаналина әлеуметтік желіде президентке үндеу жариялап, көмек сұраған.

Жаналина ұлының ес-түссіз, арнайы аппаратпен тыныс алып жатқанын, жағдайы қиын екенін айтты. Мұнан соң президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеумен танысқанын, оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуді және кінәлі адамдарды жазалауды талап еткенін хабарлады. Кейін сарбаз комадан оянып, есін жиды.

Нұржігіт әскерге өткен мамырда ғана алынған. Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар