Желіде әскердегі "әлімжеттікті" әшкерелейтін видео тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрлардан Ұлттық ұлан әскери киімін киген жауынгердің сарбазды ұрып-соғып, балағаттағанын байқауға болады.
Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығы аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылданды дейді.