Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскердегі кезекті өлім. Аягөз гарнизондағы сарбаз қайтыс болды

12:22, 15 маусым 2024 1289

Аягөздегі 10810 гарнизонында мерзімді әскери қызметін өтеуші қаза тапты. Қайғылы оқиға оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болған. Бұл жайлы ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады, Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс-қозғалып, тексеру басталды.

Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетіледі, - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.

Нақтылап өтейік,қапияда өмірден өткен 21 жастағы Өсербей Ақан Алматы облысы, Қарасай ауданының тумасы. Былтыр күзде Отан алдындағы борышын өтеу үшін Аягөз қаласына аттанған. 

Марқұмның туған-туыстары журналистерге баласының денесі техниканың астында қалғанына сенбейтінін айтқан: 

– Баламды көруге менің айғайыммен, ұрсуыммен әрең кірдік. Жалғыз өзімді мәйітханаға кіргізді. Көрдім. БТР-дың астына түсіп қалған дейді. Білмеймін. Балам сол қалпында жатыр. Егер де сондай ауыр техниканың астына түсіп қалса, езіліп қалмай ма? – дейді марқұмның анасы Бану Ақанқызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар