Осылай деген экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының зайыбы Тоқаевқа үндеу жолдады деп жазады Alash.KZ Әшкере телеграм арнасына сүйеніп.
"Отбасымыз ұзақ уақыт бойы негізсіз айыптау мен әділетсіз қудалаудың құрбанына айналды. Отбасымыздың атына негізсіз күйе жағылып, күйеуім Арыстанбек Мұхамедиұлының азаматтық беделіне орасан нұқсан келді", - дейді ол.
Үндеуді орысша жолдаған Мұхамедиұлы әулеті қазақтілді қауымды мүлде менсінбейтінін көрсетіп отырғандай, деп жазыпты Әшкере телеграм арнасы.