Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын беру мәселесіне қатысты қатқыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент мұндай қадамның әлемдік деңгейдегі ядролық қақтығысқа себеп болуы мүмкін екенін айтты.
“Ешқандай да Tomahawk-ты беруге болмайды. Бұл жағдайды ушықтырып, арты ядролық соғысқа ұласады. Мұны Дональд Трамп жақсы түсінеді деп ойлаймын. Ал Зеленский оны алып Ресейдің аумағын атқыламақ”, — деді Лукашенко.
Лукашенконың бұл сөзі Ресей мен Батыс арасындағы шиеленістің жаңа кезеңін көрсетеді. Себебі Украинаға ұзақ қашықтықтағы зымыран беру мәселесі соңғы айларда НАТО мен АҚШ ішінде қызу талқыланып келеді.