Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арттарында балалары қалды»: Сырдария өзенінен ағайынды жігіттердің мәйіті шығарылды

16:58, 25 тамыз 2026

Түркістан облысының Сауран ауданында Сырдария өзеніне шомылуға барған екі ағайынды азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға Үшқайық ауылдық округі аумағында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, 22 тамызда 1998 және 2002 жылы туған ағайындылар суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылған. Алдымен 2002 жылы туған кіші інісі суға батып кетеді. Оны құтқаруға ұмтылған ағасы да өзенге секіріп, соңында екеуі де судан шыға алмай, көз жұмған.

Оқиға туралы ақпарат түскен бойда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменттері, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар және марқұмдардың туыстары іздестіру жұмыстарын бастады. Ауқымды операцияға жалпы 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар тартылған.

Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде 24 тамыз күні алдымен 2002 жылы туған азаматтың денесі оқиға орнынан 6 шақырым қашықтықтан табылды. Ал 25 тамызда екінші азаматтың денесі өзеннің төменгі ағысынан, оқиға болған жерден шамамен 30 шақырым жерден шығарылды.

Қаза тапқан қос азаматтың да соңында шиеттей жас балалары қалды. 1998 жылы туған азамат Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында еңбек еткен, оның артында жүкті әйелі мен 2,5 жастағы перзенті қалды. Ал Назарбаев Зияткерлік мектебіне жуырда ғана жұмысқа орналасқан 2002 жылы туған інісінің артында 1,5 жастағы сәбиі қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар