Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі марқұм әнші Мәдина Ералиеваның шығармашылық жолындағы ерекше орны туралы айтып, көпшілік біле бермейтін естелігімен бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Композитордың айтуынша, оның өнердегі танылуына Мәдина Ералиеваның қосқан үлесі орасан.
«Мәдина Ералиева болмағанда, мені ешкім танымас еді. Мәдина менің әндерімді шырқап, жұлдызымды жақты. Ол менің әндерімді айтқанға дейін жұрт мені "есі дұрыс емес, көктемде, күзде арқасы қозады" деп келеке ететін. Ал Мәдина әндерімді орындағаннан кейін адамдардың маған деген көзқарасы түбегейлі өзгерді», – деді Қалдыбек Құрманәлі.
Композитор өнердегі алғашқы үлкен табыстары мен халыққа танылуын Мәдина Ералиеваның есімімен байланыстыратынын атап өтті.