Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арқар көпірі екі күнде аяқталды

10:01, 05 қыркүйек 2022 215
Өткен аптада елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен "Арқар" М-1 көпірінің және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы alash.kz cайты Астана әкімдігіне  сілтеме жасап хабарлайды.

"Арқар" М-1 көпірі мен жол қиылысы орташа жөндеу жүргізу үшін 2 қыркүйек 20:00-ден 5 қыркүйек 06:00-ге дейін жабылды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз", – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, жұмыс жоспар бойынша жүргізілді. Сөйтіп, "Арқар" көпіріне жасалған жөндеу жұмыстары екі күнде толық аяқталды. Мұндай қарқын басқа аймақтарда болмағанын ашық айтайық. Тіпті, Алматының Алтын Орда базарының алдындағы көпір жұмыстары қанша жылдардан бері жасалып жатыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар