Әнші Тамара Асар жолдасымен бірге жаңа кәсіп бастап, самаурын жасайтын зауыт ашып жатқандарын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
– Қазақы стильде самаурын шығаруды армандайтын едім. Жолдасым өндірістің адамы, темір-терсектің айналысында жүр. Бір күні маған өзінің зауытынан самаурын шығару туралы идеясын айтты. Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады. Қазақы қылып шығарғымыз келеді. Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар. Қазақ психологқа бармаған. Олар дастархан басында шай ішіп отырып, терапия жасаған. Ренжіскен адаммен қант қосып, шай ішкен соң, қуаныш гормондары бөлініп, оны кешірген. Қазақ ғылыми атауын білмесе де, барлық дүниеден хабардар болған, – деді Тамара Асар “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында.