Дос болып қас болғаннан сақта құдай! Ақбалық апама марқұм "Ақшаның беті қара" деп отырушы еді."Ғалымжан мен Төленді құдай айырмаса, адам айырмас" деп айтатындай дос ақ болып еді. Түрме де, қуғындау да айырмаған достарды ақша айырды.Төленнің үстінен қылмыстық іс қозғауға достарының атынан арыз түсірірлді, өмірінң кейінгі жылдарын сотта ақталумен өткізді. Төлен досымызға бұл соққы ауыр тигені соншама айықпас дертке шалдығып мерзіменен бұрын өмірден озды! Қаншама жыл елден жырақ шетте жүруге шыдағын азамат достардың қиянатына шыдай алмады, реніш іштен жеп қойды.Мен ортақ дос болған соң мән-жайды жақсы білгендіктен қазір бір-екі ауыз сөзбен "азаматтардың" тірлігіне түсініктеме беріп кетейін.Төлен мен Ғалымжан Моңғолиядан бірге кен орнын алып, кәсіп ашады. Артынан түсініспестіктер болып бөлінуге шешім қабылдайды. Ғалымжан Төленнің үлесін сатып алуға сомасын анықтап, қол алысып келіседі. Оны араласып жүрген азаматтардың бәрі біледі, куә болады, жазған қағаздары да бар.Кейін кен орны сатылған соң кикілжің жалғасып, Ғалымжан беретін соманың біраз бөлігін берген соң "Төленнің бұл компанияға қатысы жоқ, мені алдап соғыпты" деп полицияға Төленге қылмыстық іс қозғауға арыз түсіреді. 1937 жылғы кей қазақтардың қылығын еске түсіре ме?Ал төменгі суреттегі Тагир Сисенбаев деген "ақсақал" кезінде жоғары соттың төрағасының орынбасары болған, Төленмен бірге депутат, аға дос болған еді, бұл компанияға біраз ақша салған болатын. Бұл "ақсақал" Ғалымжан жаққа шығып, өзінің барлық байланыстарын қосып Төленнің соңына түседі. Төленге онкология деген диагноз қойылғанда Ғалымжан мен Тагир "ақсақалға" құдайдың зарын қылдым. "Жігіттер өкпеге қиса да өлімге қимайтын қазақтың баласымыз ғой, тоқтатыңдар, адамды өлтіресіңдер мына түрлеріңмен" деп. Естімеді. Төлен қайтыс болғанда топырақ салуға да, көңіл айтуға да жарамады!Енді Тагир "ақсақал" "Төленнің жұбайы Алма Төленнің заңды мұрагері емес, оның құқығын қуалауға қақысы жоқ" деген арыз түсіріпті. Көз көріп, құлақ естімеген сұмдықтың куәсі болып жатырмыз. Тагир "ақсақалға": "Төленді өз қолыңызбен өлтірдіңіз, енді әйелі мен баласына тоймайтын қу құлқын үшін шабуыл жасап жатқаныңыз алдыңыздан шықпайды деп ойлайсыз ба?" деп достары арқылы хат жазып жібердім! Тоқтайтын түрі жоқ. Ғалымжан, Тагир "ақсақал!"."Мәңгілік өмір жоқ қой. "Көшетұғын сай үшін, өлетұғын тай үшін, желке терің құрысып ағайынмен ұрыспа" деген бабаларың! Төленнің жұбайы мен балаларына Төленнің еңбегін беріп, арларыңды тазалаңдар, сол кезде Төленнің аруағы сендерді мүмкін кешірер" деп өтінемін.
"Арларыңды тазалаңдар". Ахметбек Нұрсила Ғалымжан Жақияновқа шүйлігіп, сұмдық оқиғаны айтты
«Жүрегімнің тыныштығы… Маған берілген үлкен сый»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
17:16, 11 қыркүйек 2026
АҚШ пен Иран қақтығысы: Трамп соғыстың қашан аяқталатыны туралы күтпеген мәлімдеме жасады
16:40, 11 қыркүйек 2026
"Өз анасын өлтіріп алып, мәйітін тоңазытқышта сақтаған": Қанды оқиғаның шындығы ашылды
16:22, 11 қыркүйек 2026
«Барлығынан өткенмін... Маған опасыздық жасаса...»: Қайрат Нұртастың жұбайы жан сырын ақтарды
15:28, 11 қыркүйек 2026
«Қыркүйек пе? Қыргүйек пе?»: Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
12:25, 11 қыркүйек 2026
«Пышақты өзі бірінші алды»: Қызының көзінше әйелін өлтірген ер адам өз шындығын айтты
11:24, 11 қыркүйек 2026
«Сот үкімі шықты. Мойындамады...»: Танымал асабаға қатысты даулы мәселеге нүкте қойылды (ВИДЕО)
11:01, 11 қыркүйек 2026
«Жаңа күдіктілер пайда болды»: Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты тың детальдар ашылды (ВИДЕО)
10:31, 11 қыркүйек 2026
Қорғас тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты: экс-полицей 10 жылға сотталды
21:26, 10 қыркүйек 2026
Астанада пәтерді арзан сатамыз деп, тұрғындарды алдаған төрт қызметкер сотталды
18:15, 10 қыркүйек 2026