Алғашында екі ер адам әйелден 150 мың теңге талап еткен. Кейіннен видеоны әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытып, 300 мыңға дейін көтерген. Әйел бопсалаушылардың айтқанына көнбей, олардың үстінен полицияға арыз жазған.
Бопсалаушылардың бірі ақшаны алып жатқан жерінде ұсталса, екіншісі арадан көп уақыт өтпей қолға түсті.
Алайда жәбірленуші оларды кешіріп, түрмеге қамамауын өтінген. Сот жігіттердің бірін 4 жылға, екіншісін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.